Түркияда үйінді астынан кішкентай қыз 7 сағаттан соң еңбектеп шықты
Түркияда үйінді астынан кішкентай қыз 7 сағаттан соң еңбектеп шықты
Фото: видеодан алынды
894
оқылды
Түркияда үйіндінің астынан кішкентай қыз құтқарылған сәт видеоға түсірілді.  Видеоны журналист Гүлмира Әбіқай Instagram парақшасында жариялады. Онда кішкентай қыздың құтқарушыларға қарай еңбектеп келе жатқанын көруге болады. «Баланы періштесі қорғайды деген рас-ау. Түркиядағы жер сілкінісінен үйіндіге айналған үй астынан 7 сағаттан соң аман-есен шыққан қыз», – деп жазды журналист. Айта кетейік, Түркияда зілзала құрбандарының саны 6,2 мыңнан асты, тағы 37 011 адам жарақат алды.