Түркиядағы жер сілкінісінен ерлі-зайыпты волейболшылар қаза тапты
Түркиядағы жер сілкінісінен ерлі-зайыпты волейболшылар қаза тапты
Фото: voleybolaktuel.com
361
оқылды
Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты, деп хабарлады voleybolaktuel.com. Бетюль Чобан Чакыр көп жылдан бері Газиантептің «Меринос» волейбол клубында өнер көрсетті. Оның жұбайының да волейболға қатысы бар болғанымен, ол кәсіпқой ойыншы болған емес. Ресми ақпаратқа сәйкес, Түркияда жер сілкінісі салдарынан 8 574 адам қаза тапты, зардап шеккендердің саны 49 133-тен асады.