Қазақстан Үкіметі Түркияға 1 миллион доллар бөлу туралы қаулыны қабылдады
Қазақстан Үкіметі Түркияға 1 миллион доллар бөлу туралы қаулыны қабылдады
317
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,  жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді,— деп хабарлайды primeminister.kz. ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулы қабылдады. ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ҚР Сыртқы істер министрлігіне 1  миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды. Өз кезегінде сыртқы саяси ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен аталған қаражатты түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.