Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан аман табылған Сәбина Мамадиярованың жағдайы белгілі болды
Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінді астынан аман табылған Сәбина Мамадиярованың жағдайы белгілі болды
1,080
оқылды
Сыртқы істер министрлігі өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып, кейін үйінді астынан аман табылған Сәбина Мамадиярованың жағдайын айтты.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Сәбина Мамадияроваға қажетті медициналық көмек беріліп жатыр.
"Жер сілкінісінен аман қалған Сәбина Мамадиярованың жағдайына келсек, ол қазір Адана қаласының мемлекеттік ауруханасында. Кеше оған қолына операция жасалды, денсаулық жағдайы тұрақты. Дипломаттар емдеуші дәрігерлермен тұрақты байланыста, қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бүгін консул оған жеке барып қайтады".Айбек Смадияров