Астаналық жүргізушілерге автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілмек
Астаналық жүргізушілерге автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілмек
477
оқылды
Астанада жүргізушілерге жұмыс және демалыс күндерінің белгілі бір сағаттарында автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілуі мүмкін, — деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. Автокөліктердің қоғамдық көлік жолағында жүруіне рұқсат беру ережесін іске асыру үшін 2023 жылдың 10 ақпанынан 27 ақпанына дейін жалғасатын онлайн дауыс беру басталды. Дауыс беру үшін мына сілтеме арқылы өтуіңізге болады. Пилоттық жоба Абылай хан даңғылында А.Пушкин-Манас көшесі аралығына дейін енгізілді. Бұл көшелерде қарбалас уақыттан тыс уақытта қарапайым көліктердің жүруіне болады. Ал таңертеңгі сағат 07.30-дан 09.30-ға дейін және кешкі сағат 17.00-ден 20.00-ге дейін автобус жолағымен жүруге тыйым салады.