13 жеңгесі қайын інісінің тойында қосылып ән шырқады
13 жеңгесі қайын інісінің тойында қосылып ән шырқады
1,285
оқылды
Тойда ұйымшыл 13 келіннің бірігіп ән айтқан сәті жұрт талқысына түсті. Жеңгелері қайын інісіне әннен шашу шашқан. Келіндердің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода абысындардың тойхана төрінде бірлесіп ән айтқанын байқайсыз. Тіпті, олардың ерекше тізбектеліп, ұйымшылдықпен тұрғанын да көруге болады.
"13 жеңгесінен қайын інісіне арнаған ән шашуы", — деп жазылған бейнежазбаға.
Келіндердің әуезді әнін, ұйымшыл әрекетіне сүйсінгендер көп. Басым бөлігі жақсы пікірлерін жазған.
"Үлкен келін ұйымшыл болғаны ғой", "Келіндердің киімдері қандай керемет", "Орамал таққанда тіпті тамаша болар еді", "Бәріне осындай бақыт бұйырсын", "Қазағымның тойы бітпесін", — деп жазуда желідегі жұрт.
@cuddlies_smМаңғыстаудың келіндері😍💔♬ оригинальный звук - Madina🦋