Түркістан облысында 600-ге жуық адам жолда қалды
Түркістан облысында 600-ге жуық адам жолда қалды
656
оқылды
Түркістан облысы Түлкібас ауданы аумағында жол жабылып, 600-ге жуық жолаушы аялдап отыр, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram  каналы.
"11 ақпанда Түлкібас ауданының Шақпақ баба ауылы А-2 "Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент" тасжолының жабық учаскесінің алдында (593-632 шақырым, Жамбыл облысы – Машат елді мекені) 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды", — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылған. Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.