Біз Қырғызстанда таныстық – Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын айтты
Біз Қырғызстанда таныстық – Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын айтты
19,686
оқылды
Әнші Жанар Дұғалова тұрмысқа шықпақшы. Той наурыз айында болады деп жоспарланып отыр. Ол бұл туралы Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтып берді.
"Иә, рас. Мен тұрмысқа шығамын. Бізді тағдыр қайта-қайта тоғыстырған. Біз кездейсоқ бір уақытта, бір мекенде жүргенбіз. Біз Қырғызстанда таныстық. Өнер саласынан емес. Дегенмен де жоғары музыкалық талғамы бар. Жан-жақты азамат. Мен үнемі тұрмысқа шығатын болсам жүрек қалауымен, махаббатпен ғана тұрмыс құрғым келетін. Сол қалағанымдай болды. Ешқандай есеппен, бір жоспарлармен емес", – дейді ол.
Бұл қуанышты жаңалықтың наурызда орындалатынын да жасырмады. Желі оқырмандары түрлі пікірлер жазуда. Әсіресе, оның жасына қатысты пікір көп. Айта өтейік, Жанар Дұғалова осы жылы 36-ға толды.