Мен бес баламды өлтіріп, сосын өзім өлемін – шымкенттік әйел
Мен бес баламды өлтіріп, сосын өзім өлемін – шымкенттік әйел
3,245
оқылды
Шымкент тұрғыны өмірден түңіліп, 5 баланы жалғыз өзі бар күшін салса да тойып тамақ бере алмай жатқанына күйініп, осындай шешімге келгенін айтып отыр. Әйелдің желідегі жазбасына қарасақ, бір жыл бұрын күйеуі тастап кеткен. 5 баланы сүйреп ескі, суық, от жағып тұратын жаздық үйді жалдап тұрады. Балалардың әкесі үйленіп кеткен. Алиментке берешегі 4,5 млн теңге екен. Ол алимент төлемек тұрмақ, балаларының халін, не жеп, қайда жүргендеріне  еш қызығушылық танытпаған. Суық әрі берекесіз жалдамалы үйде балаларымен қаңғып қалған әйелді не өз туыстары, не күйеуінің туыстары керек қылмай қойыпты. Өмір сүруге күші мен қауқары қалмаған келіншек журналист Гүлмира Әбіқайға ішіндегі маза бермей жүрген ойын  осылай жазыпты.
«Мен бес баламды өлтіріп, сосын өзім өлемін. Шаршадым уже. Менде басқа жол жоқ»,– дейді әйел.