СҚО әкімі 9-сынып оқушысының қолынан жарақат алған балалардың хал-жағдайын білді
СҚО әкімі 9-сынып оқушысының қолынан жарақат алған балалардың хал-жағдайын білді
388
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров көпбейінді балалар ауруханасына барып, бүгін 9-сынып оқушысының қолынан жарақат алған балалардың хал-жағдайын білді. СҚО әкімі Айдарбек Сапаров облыстық көпбейінді балалар ауруханасында болды. Өңір басшысы отадан кейін естерін жинаған екі баламен тілдесті. Бұл жайында ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Бүгінгі оқиғадан кейін ауруханаға түскен балалардың хал-жағдайын білдім. Балалармен тілдесіп, тезірек сауығып кетуін тіледім. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді, қазір олардың жағдайы тұрақты. Балалар дәрігерлердің бақылауында», - деді Айдарбек Сапаров.
Бүгін таңертең Петропавлдағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы сабаққа өзімен бірге балта мен пышақ ала келіп, жоғары сыныптың үш баласын жарақаттаған еді.