Алаш арыстарын ардақтады
Алаш арыстарын ардақтады
702
оқылды
«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы аясында С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кі­тапханада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жыл­дығына және Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдығына арналған «Алаш туы астында» әдеби-та­нымдық кеші өтті. Партияның облыстық филиал жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras өңірлік қо­ғамдық кеңесінің төрағасы Амантай Жарқынбек пен оның орынбасары Салтанат Әубәкірова ұлы ақындардың бай шығармашылық мұрасы туралы айтып берді. Спикерлер олардың өмір­баянындағы қызықты деректермен бөлісіп, үздік еңбектерін атады.