Екі індетті қатар жұқтыру қауіпті
Екі індетті қатар жұқтыру қауіпті
383
оқылды
Маусымдық тұмау өршіген кезде оған қосымша тағы бір ин­фекцияны жұқтырып алу – қазір өзекті мәселенің бірі. Мұн­дай жағдайда сырқатты емдеу және оның жазылып кетуі қиын­дай түседі. Алайда басты мәселе екі вирусты да анықтау екен. Бұрын медицина қыз­меткерлерін ілеспе инфекция «вирус+бактерия» алаңдатса, қазір коронавирус ін­детінен кейінгі «ви­рус+вирус» тандемі өте маңызды мәселеге айналған. Әсі­ресе, бұл ағзасы толық жетіліп үлгермеген балалар үшін ауыр өтеді. Флурона деген не? 2021 жылы желтоқсанда Из­раи­ль­де жедел респираторлы ин­фек­ция симптомдары бар аяғы ауыр екі әйелден коронавирус пен мау­сымдық тұмау қатар анықталды. Бір қуаныштысы – екі келіншекте ау­ру жеңіл өтіп, тез сауығып кетті. Осы уақытта Испанияда тұмау жә­не COVID-19-ды қатар жұқтыру де­регі тіркелді. Қосарлы инфекция жұқ­тырған пациенттер алғаш рет осы­лай тіркелді. Соған байланысты ме­дицинада «флурона» деген жаңа тер­мин пайда болды. Қазір қо­сар­лы аурудың осы түрін жұқтыр­ған­дар туралы Бразилия, АҚШ, Қы­тай­да көп тіркелген. Медицинадағы «флурона» (ағыл­шынша – flurone) термині – тұмау мен COVID-19 індетінің бір сыр­қатта қатар кездесуін білдіреді. Яғни, адам бір мезетте екі инфек­ция­мен қатар ауырады. Бірі – тұ­мау (ағылшынша – flu) және коро­на­вирус. Бұл ағзаның түрлі вирус­тар­ды қосарлы жұқтыруы «коин­фек­ция» деп аталады. Бұл – вирустың жаңа түрі емес, тек пациенттің екі инфекцияны қа­тар жұқтыруы. Оны тек зертхана тал­дауы не басқа әдіспен анық­тай­ды. Яғни, вирустар бір мезетте жұқ­пауы мүмкін, алайда олар екеуі де әлдеқандай уақыт ішінде бір-бі­ріне тәуелсіз күйде ағзада қатар кез­деседі. Мұның «флурона» еке­нін сырқат өз бетінше анықтай ал­майды. Өйткені тұмаудың не бас­қа да вирус аурулары мен ко­ро­на­вирустың белгілері бір-біріне өте ұқсас.
«Бұл – дене қызуының кө­те­ріл­уі, ұдайы шаршап жүру, жөтел, де­мігу, тыныс алудың қиындауы, та­мақтың түйілуі, бұлшық еттердің ауырсынуы, бастың ауруы, құсу, іш өту, дәм және иіс сезудің жоғалып ке­туі немесе әлсіреуі. Бұл симп­­том­дар коронавирус ин­фек­ция­сын­да және тұмауда, сонымен қа­тар басқа да респираторлық ин­­­фекцияларда кездеседі. Тыныс жол­дарының қосарлы инфек­ци­я­сын анықтау үшін қоздырғыш­тар­дың генетика материалын по­ли­мер­лық тізбекті реакция (ПТР) әді­сімен анықтайды. Қазір күдікті нау­қастағы тұмауды, коро­на­вирус­ты анықтауға осы амал қолда­ны­лады», – дейді Астанадағы №1 қа­лалық балалар ауруханасының Пу­льмонология бөлімшесінің мең­­­герушісі, жоғары санатты дәрі­гер Валентина Новикова.
Дәрігердің айтуынша, коин­фек­цияның белгісі балаларда ке­лесі жағдайларда көрінеді. Бас­тап­қыда жедел респираторлық вирус­тық инфекция (ЖРВИ) белгісі бо­лады, кейін ол асқынып кетеді. Бұл – демікпе, жөтел, әлсіздік, де­не қызуының көтерілуі, буындар не­месе бұлшық еттердің ауыруы, мұ­рынның бітелуі. Яғни, бала аз­дау тұмауратқандай болады да, тәуір­леніп келе жатып, қайтадан қат­ты ауыра бастайды. Осыдан ата-ана барынша сақтану керек. Айта кетерлігі, жоғарыдағы бел­гілер пневмонияның ауыр тү­рін­де де тура осылай кездеседі. Ты­ныс алудың қиындауы, цианоз (те­рінің көгеруі), сатурацияның тө­­мендеуі, ыстық түсіретін дәрі­лер­ге қарамастан, дене қызуының жо­ғары болуы. Егер бала осылай ауыр­са, оны өз бетінше немесе үйде емдеуден бас тартып, ауруха­на­ға келіп, дәрігердің бақылауына алынуы керек. Вирусты қатар жұқтыр­ғандар қатары артты Валентина Новикованың ай­туын­ша, 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылдың мамыры аралы­ғын­да елімізде 3,1 млн адам ЖРВИ-мен ауырған. Ал 2021-2022 жылғы тұ­мау маусымында 3,9 млн адам ЖРВИ жұқтырғаны белгілі болды. Осы сырқаттардың ішінде 850-ге жуық адам тұмаудың A(H3N2) тү­рін қоса жұқтырып алған. Эпидемиологиялық ахуалға қа­тысты 2021-2022 жылдағы мау­сым­да тұмауға қатысты талдау 22,4 адам­ға жасалған, соның 91,5 пайы­зында талдау оң нәтиже көрсетіпті. Ал 19,2 науқастан COVID-19-ға сы­­нама алынып, олардың 4,2 па­йы­зында коронавирус абр екендігі расталған. Ал осы аралықта тұмау то­бына жатпайтын вирустар­ға қа­тысты 10 мыңнан астам па­циенттен сы­нама алынып, оның ішін­де 7 пайыз­ға жуығында осындай вирус табылған. [caption id="attachment_240429" align="aligncenter" width="1442"]флурона © коллаж: Елдар Қаба[/caption] 2022 жылы тек Астана қала­сын­дағы ауыр әрі жедел рес­пи­ра­торлы инфекция көрсеткіштерін сараптау барысында А/В тұмауы артқаны байқалды. Сондай-ақ 4 мәрте H1N1 swin тұмауы тіркелген. 2021 жылы анықталған вирустық инфекциялар ішінде hRsv-15 рес­пираторлық-сентициалдық ви­рус­тық инфекция саны көп болған.
«Тұмау мен коронавирустың бел­гілері ұқсас болғандықтан, олар­ды айыру өте қиын. Зертхана диаг­ностикасы вирустардың қоз­дырғышын анықтауда ең тиімді әрі ең нақты әдіс болып қалып отыр. Дәрігерлер екі ауруды ажыратып алып, емдеуді бастап кететін бол­ды. Алайда маусымдық тұмау және бас­қа да респираторлы инфекция­лардың белең алуы кезінде флуро­на­ның таралу ықтималдығы да арта түседі», – дейді аталмыш ау­ру­ха­наның педиатры Айнұр Аманбаева.
Оның айтуынша, соңғы кездері са­рапшы мамандар осы инфек­ция­ны қысқа мерзімде анықтауға мүм­кіндік беретін қажетті диаг­ностикалық зертханалық зерт­теу­лердің оңтайлы кешенін таңдап алып, әзірлеп шыққан. Құ­ра­мына маусымдық респираторлы ин­фекция қоздырғышының көп­те­ген түрін анықтау кіреді. Оның қатарында тұмау және коро­на­вирус та бар. Ауруханаға қабылдау бөлімінде алдымен сырқат баладан тұмауды нақтылау үшін қоздырушының үлгілері талдауға алынады. Ол 24 са­ғаттан кешіктірілмеуі тиіс әрі апта­сына 7 мәрте жасалады. Флурона сырқаты ауыр өте­тін­дер қатарына – 5 жасқа дейін ба­ла­лар, жүкті әйелдер, қарттар, жү­рек-қан тамыры, тыныс жолда­ры және эндокрин жүйесі ауруы бар­лар жатады. Сонымен қатар оны жұқтырып алу қаупі жоғарылар сана­тында – медицина, әлеуметтік са­ла қызметкерлері, ұстаздар, көп адамдармен жұмыс істейтін ма­ман­дық өкілдері бар. Баладағы сырқатты дер кезінде анықтау және диагноз қою арқылы тиімді емдеуді бастап кету аурудың ас­қынып кетпеуіне және баланың тез сауығуына мүмкіндік береді. Өйт­кені балаларда емдеу кешік­тіріл­се, иммунитеті төмендеп, ар­ты бактериалды ауруға айналып ке­туі мүмкін. Флурона асқынып кеткендер не­месе одан көз жұмғандар ара­сын­да сәбилер мен қарттар көп. Сон­дықтан екі вирустың қосарлы жұқ­тыру созылмалы ауруы бар ба­лалар үшін де ересектер үшін қауіп­ті. Инфекциялар барлық ағ­за­ға және дене мүшелерінің жұмы­сы­на кері әсері етеді. Өкпеде кү­шей­се, арты ауыр пневмонияға, бас­қа таралса – менингит, менин­гоэн­цофалит, жүрегінде асқынса, кардит, перокардит болуы қаупі өте жоғары. Сондықтан мамандар бала осылай ауырса, асқан жауап­кер­шілікпен қарап, білікті дәрігер­лерге жүгінуді ұсынады. Флурона­ны аурудың алғашқы күнінен ем­дей бастау керек. Ал сырқат аса қат­ты болмаған жағдайдың өзінде одан жазылуға жарты ай кетеді. Ауыр пациенттерге толық сауығып кету үшін 2 айдай уақыт керек. Екі сырқатты қалай жұқтырып алуы мүмкін? Педиатр Инна Ка­лакпасованың түсіндіруінше, қыс­та тұмаумен және корона­вирус­пен ауыратындар қатары артатын­дық­тан аталмыш вирустардың қоз­дыр­ғышын жұқтыру қаупі өте жоғары бо­лады. Алдыңғы жылдары тұмау­мен ауырғандар саны азайғаны бай­қалды, өйткені оның орнын ко­ронавируспен ауырғандар бас­ты. Алайда былтырдан бастап жағ­дай керісінше өзгерді. Қазір тұмау белең алып келеді. Сонымен қатар тұ­мауратқандар COVID-19-ды қо­са жұқтырып алып жатыр. Сөз соңында айтарымыз, тұмау мен ковидтің қатар келуі жаңа ауру түріне жатқызылады. Сондықтан елімізде онымен ауырған пациентті ем­деуге қатысты стандартты хат­тама әзірге енгізілмеген. Ол зерт­теліп, жасақталып бітпеген. Алай­да балаларды осы аурудан емдеуге ко­видтің және тұмауды жекелей емдеудің хаттамасы қолданылады.

Жәнібек АМАНГЕЛДІ