Түркиядағы зілзала: Қазақстаннан көмекке барған құтқарушылар кімдер?
Түркиядағы зілзала: Қазақстаннан көмекке барған құтқарушылар кімдер?
Фото: ТЖМ
1,532
оқылды
Түркияның 10 провинциясында жойқын жер сілкінісі болды. 7 ақпанда Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жер сілкінісінің зардабын жоюға көмектесу үшін Түркияға аттанды. Бұл туралы Aikyn.kz ТЖМ-ның  баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Күн сайын қираған нысандарда іздеу-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Біздің құтқарушылардың өмірі де қыл үстінде. Себебі жерасты дүмпуі қайталанбасына кепілдік жоқ. Денисов Дмитрий Анатольевич – халықаралық дәрежедегі құтқарушы, кинологиялық бөлімшенің бас құтқарушысы.  width=   Қазір  Дмитрий Анатольевич Газиантеп қаласындағы жойқын жер сілкінісінен кейін авариялық-құтқару жұмысына қатысып жатыр. Дмитрий Анатольевич 1998 жылдан бастап ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағында жұмыс істейді. Әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмысына бірнеше рет қатысты. Оның ішінде биіктік – метеорологиялық қиын жағдайларда тауларда және қар көшкіні кезінде іздеу-тасымалдауға шықты. Дмитрий үшін жер сілкінісі кезінде құтқару операцияларын жүргізудегі жұмыс тәжірибесі бірінші рет емес. Ол 1999 жылы Түркияда болған жер сілкінісі кезінде іздеу-құтқару жұмысына қатысты. Сол кезде 8 күн ішінде Қазақстан құтқарушылары жер сілкінісі ошағында іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді. Бүгін Дмитрий Анатольевич төтенше жағдай салдарын жоюда кәсіби жұмыс тәжірибесін қолданады. Құтқарушы, жедел жасақ басшысы Руслан Анатольевич Сойко Нұрдағы қаласында авариялық-құтқару жұмысына атсалысып жатыр.    width= 2000 жылдан бастап ТЖМ қатарында жұмыс істейді. Еңбек жолын Астана қаласында Орталық өңірлік жедел-құтқару жасағында бастаған. Қазір Қарағанды қаласының құтқару бөлімшесінің басшысы. Өз қызметінде түрлі ТЖ жоюға қатысып, адамдардың өмірін құтқару үшін күрделі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Мысалы, 2022 жылы Теміртау қаласында және Қарағанды қаласында газ жарылғаннан кейін үйінділерді талдауға қатысты.
«Мен кәсіби қызметім үшін адамдарды қанша құтқарғанымды санамадым. Мен үшін жәбірленушіге уақытында көмек көрсету және адамдарды қауіпті аймақтан мүмкіндігінше шығару әрқашан маңызды. ТЖМ-да жұмыс істейтін адамдар бұл мамандықты таңдайды. Өйткені олар қиыншылыққа тап болған адамдарға көмектескісі келеді», – дейді Руслан Анатольевич.
Ол сондай-ақ өзі таңдаған мамандық бірегей және қызықты екенін және кез келген ТЖ жаңа тәжірибе мен білім беретінін атап өтті. Оның айтуынша, құтқарушы төтенше жағдайларды жоюға қатысуға, өзінің денешынықтыру, арнайы, медициналық және психологиялық дайындығын жетілдіруге әрқашан дайын болуға міндетті. Гизатулин Сайфидинович Дамир құтқарушы-кинолог.     width= Дамир Гизатулин Газиантепте Лига атты итімен бірге қираған нысандарында іздеу-құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Дамир өзінің еңбек жолын ТЖМ қатарында 2009 жылы Алматы қаласы ТЖД су-құтқару қызметінде бастады. Ал 2015 жылдан бастап ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушы-кинологі болып жұмыс істейді. Жұмыс кезеңінде әртүрлі ТЖ зардаптарын жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына: кіші Алматы өзеніндегі сел ағынының салдарын жою, 3 000  метрден астам биіктіктегі тауларда іздестіру-құтқару жұмыстарына, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарындағы су тасқынын жоюға, Қызыл ту кентіндегі Іле ауданында күрделі жағдайларда ұшақ апатының салдарын жоюға бірнеше рет қатысты. Дамир Гизатулин төтенше жағдайларда қазіргі жағдайларды тез және дұрыс бағалау,  адамдардың өмірін сақтау үшін дұрыс шешім қабылдау қабілетін көрсетеді. Жұмыс істеген жылдары ведомстволық наградалармен бірнеше рет марапатталды.