Жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң Түркияның Кахраманмараш қаласындағы көпқабатты үйдің қирандыларынан екі адам құтқарылды, – деп хабарлайды CNN Turk.
«Зардап шеккендердің бірі – Мұхаммед есімді 17 жастағы жігіт. Құтқарушылар алдымен 17 жастағы Мұхаммед Энес Енинарға, содан кейін оның ағасы – 21 жастағы Баки Енинарға жәрдемдескен», – деп хабарлайды телеарна.
Телеарна көрсеткен кадрлардан зардап шеккендерді жедел жәрдем көліктеріне апара жатқанын көруге болады.
Сондай-ақ зілзаладан 185 сағаттан кейін үйінді астынан 10 жасар қыз баланың құтқарылғаныхабарланған болатын.
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын табиғи апат болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 31 мыңнан астам адам қаза тапқан.