Алматы маңында жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Фото: static.vkurse.kz
621
оқылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 14 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 16.00-де жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 71 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.8. MPV магнитудасы – 4.2. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ.