Петропавлда мектепте оқушыларды балтамен жарақаттаған бала 2 айға қамауға алынды
Петропавлда мектепке пышақ, балта алып барып, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысын сот 2 айға қамауға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге болмайды.
13 ақпан күні Петропавлдағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ алып келіп, үш оқушыны балтамен жарақаттады.