Алматыда әскери адам заңгерді соққыға жықты 
Алматыда әскери адам заңгерді соққыға жықты 
Фото: polisia.kz
690
оқылды
Алматыда заңгерлерді соққыға жықты.  Заңгер Анна Дмитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов бұзақыдан таяқ жеді. Polisia.kz-тің мәліметінше, Анна Дмитриевичтің сөзінше, жас жігіт келіп, қыз баланы біреудің аяусыз ұрып жатқанын айтып, араша сұраған.
«Көмекке барып, қызды ұрып жатқан жігітті тоқтатпақ болғанда сол сәтте әлгі бұзақы жігіт қызды қойып, заңгерді ұрған. Күйеуім қатты соққыдан жерге құлады. Бұзақы тепкілеп басын допша домалатты», – дейді Анна Дмитриевич.
Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды. Күдікті әскери адам болғандықтан, қазір іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық Прокуратураға жіберілді.