«Қазгидромет» 16-18 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігінде ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді.
Батыстан шығысқа ауысатын циклон ықпалында тек батыс облыстар ғана болады. Фронт әсерінен республиканың кейбір облыстарында қар жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.
16-18 ақпанда оңтүстіктің таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстік жартысында көктайғақ, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман күтіледі.
Солтүстік жартысында республикада кей жерлерде жел күшейіп, боран соғады.