Ағылшын Корольдік поштасынан хакерлер 79 миллион доллар талап етіп жатыр
Ағылшын Корольдік поштасынан хакерлер 79 миллион доллар талап етіп жатыр
Кибер-шабуылдың нәтижесінде қаскөйлер тобы Ұлыбританияның Корольдік поштасының (Royal Mail) халықаралық қызметтерін тоқтатып, көптеген деректер базасын шифрлап тастаған. Оның кілтін беру үшін пошта тобынан 80 млн. шамасында ақша талап етуде. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Sion Touhig
806
оқылды
Кибер-шабуылдың нәтижесінде, LockBit атты қаскөйлер тобы Ұлыбританияның Корольдік поштасының (Royal Mail) халықаралық қызметтерін тоқтатып, көптеген деректер базасын шифрлап тастаған. Оның кілтін беру үшін пошта тобынан 80 миллион шамасында ақша талап етіп жатыр. Тығырыққа тірелген келіссөздер туралы Financial Times газетіне сілтеме жасаған Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_240611" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 LockBit хакерлер тобы компаниядан 79 миллион доллар төлем талап еткен, бұл талапты пошта тобының басқармасы қабылдамай тастаған сияқты. Талаптары орындалмаған LockBit хакерлер тобы Ұлыбританияның Корольдік поштасымен болған келіссөздер барысын ашық ресурстарда жариялай бастады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Matejmo[/caption] Royal Mail деректерін шифрлаған LockBit хакерлер тобы компаниядан 79 миллион доллар төлем талап еткен, бұл талапты пошта тобының басқармасы қабылдамай тастаған секілді. Талаптары орындалмаған LockBit хакерлер тобы Ұлыбританияның Корольдік поштасымен болған келіссөздер барысын ашық ресурстарда жариялай бастады.
Онда «Қандай жағдайда да біз сіздер талап еткен абсурдты соманы төлемейміз. Бұл – біздің басқарма ешқашан қабылдай алмайтын сома», – деген Royal Mail өкілінің сөздері келтірілген. LockBit жариялаған хабарламаларға сәйкес, үш аптаға созылып сәтсіз аяқталған келіссөздерде Royal Mail табысы мен компанияның бизнесі де талқыланған.
Қазір қаскөйлер жаңа келіссөз жүргізушіні талап етті және талаптары орындалмаса Royal Mail деректерінің үлкен көлемін ашамыз деп қорқытты. Ұлыбританияның ірі пошта провайдері LockBit тобы бұғаттаған ресурстарын қалпына келтіріп, халықаралық сәлемдемелер жіберу қызметін қайта қосуға талпынуда. [caption id="attachment_240612" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Хакерлер компанияның кірісін сұрағанда, пошта атынан келіссөз жүргізуші: «Бізде тек шығын. Google-да біздің қаржылық жағдайымыз және оның қазір қаншалықты қиын екендігі туралы бірнеше мақалалар бар», – деп жауап берген. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Richard Baker[/caption] Хакерлер компанияның кірісін сұрағанда, пошта атынан келіссөз жүргізуші: «Бізде тек шығын. Google-да біздің қаржылық жағдайымыз және оның қазір қаншалықты қиын екендігі туралы бірнеше мақалалар бар», – деп жауап берген. Корольдік поштаның халықаралық сәлемдемелер бизнесі табысты болғанымен, компания Ұлыбританиядағы хат бизнесінің құлдырауынан және бірнеше айлық ереуілге байланысты ақшасын жоғалтқан.
Корольдік пошта ашық ресурстарға ағып кеткен чаттардың шынайылығы туралы түсініктеме беруден бас тартты. Хакерлер өз  құрбандарына қысымды күшейту үшін келіссөздердегі хабарламаларды жариялауы қалыпты тәжірибе. «Тергеу жалғасып жатқандықтан, құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысты қосымша түсініктеме беру орынсыз деп кеңес берді», – деді тергеу органының баспасөз хатшысы.
Мамандар қаскөйлер кейде келіссөздердегі жазбаларды өзгертіп бұрмалайды немесе қолдан жасайды, сондықтан жарияланған хабарламалардың дұрыстығын растау мүмкін еместігін айтады. [caption id="attachment_240613" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Royal Mail ресми түрде LockBit хакерлерінің поштаның киберқорғаныс жүйесін бұзғанын, деректерін шифрлағанын және төлем талап еткенін растаған жоқ. Бірақ поштаның халықаралық қызметі қаңтар айының басында тоқтап қалды. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Newscast[/caption] Royal Mail ресми түрде LockBit хакерлерінің поштаның киберқорғаныс жүйесін бұзғанын, деректерін шифрлағанын және төлем талап еткенін растаған жоқ. Бірақ оның халықаралық қызметі қаңтар айының басында шабуылға ұшырағаннан кейін тоқтап қалды.
Royal Mail уақытша шешімдер іздеуде, тұтынушылар веб-сайт арқылы шетелге пакеттер мен хаттар жібере алады. Бірақ британдықтар әлі күнге дейін елдегі пошта бөлімшелерінен сәлемдемелер жібере алмайды. Ал халықаралық жөнелтімдер «әдеттегіден ұзақ уақыт келеді», – деп ескертті Royal Mail.
Кибер-қауіпсіздікті зерттеушілер Royal Mail тобы хакерлер бұғаттаған 2023 жылғы ең үлкен әрі танымал нысана болады деген пікірде. Пошта атынан келіссөздер жүргізген Royal Mail өкілі 3 ақпанда хакерлер тобынан басқарманың жауабын күтуді сұраған, содан кейін байланысқа шықпаған. Интернетте жарияланған келіссөздер хаттамасынан LockBit-тің бұл шабуылға қаншалықты мұқият дайындалғанын көреміз.
Олар Корольдік пошта туралы бәрін біледі: табысы, оның мөлшері, тіпті ағылшын еліндегі пошта ережелерін. Хакерлер өздерінің соңғы хабарламасында: «Сіз өте ақылды келіссөз жүргізетін адамсыз. Біз сіздің уақытты созуға деген пейіліңізді бағалаймыз» делінген.