Солтүстік Қазақстанда газ құю стансасы жарылды
Солтүстік Қазақстанда газ құю стансасы жарылды
Фото: ТЖД-нен алынды
481
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы газ құю стансасында 5 литрлік газ баллоны жарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 11 ақпан күні сағат 14:32 минут кеткенде «101» қызметіне Есіл ауданы Явленка елді мекені Ибраев, 75 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер жеткенде «Алыс Газ» ЖШС-нің операторы отыратын ғимарат өртеніп жатқанын көреді. Газ құю стансасының 42 жастағы жұмысшысы 5 литрлік газ баллонын даладан ішке кіргізіп, жылыту батареясының жанына қойған. Газ баллоны біраздан кейін ашылып кетіп, жарылған. Соңы өртке ұласқан. Газ баллоны газ мөлшерін өлшеу үшін қолданылған. Денесінің 90 пайызын күйік шалған ер адам жансақтау бөлімінде жатыр. Мамандардың айтуынша, қазір жағдайы ауыр. Өрттен ғимараттың шатыры толық жанып кетті, қабырғаларына, есік, терезесіне және жиһазға зақым келді. Төтенше жағдайлар бөлімі қылмыстық іс қозғады.