Доллар құны 3,48 теңгеге арзандады
Доллар құны 3,48 теңгеге арзандады
Фото: vrknews.kz
622
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесінде доллар бағамы бүгін 447,29 теңгеге құлдырады. Яғни, бір күн ішінде доллар бағамы 3,48 теңгеге, бір айда 15,57 теңгеге арзандады. Қазақстанның ақша айырбастау орындарында қазіргі сәтте доллар 447 теңгеден сатып алынып, 451-452 теңгеден сатылып жатыр. Айта кетерлігі, ICE биржасында Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 84,3 долларды құрады. Еске салайық, бүгін таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 451,17 теңге деп бекіткен.