Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан қыздар енді жігітті ұрып, ақша талап еткен видеосы тарады
Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан қыздар енді жігітті ұрып, ақша талап еткен видеосы тарады
4,595
оқылды
Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан қыздар енді жігітті ұрып, ақша талап еткен видеосы тарады, –  деп хабарлады orda.kz. Еgovpress осыдан бір ай бұрын оқушы қызды жабылып ұрған қыздарға қатысты тағы бір видео жарияланды. Видеодағы қыздардың бірі Құндыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатқанын анық көруге болады. Әзірге Жетісу облыстық Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірмеді. Еске салсақ,Талдықорғанда мектеп оқушылары құрбысын ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыға түскен болатын. Полицияның бейнероликтің 9 қаңтар күні Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде түсірілгенін анықтаған еді.