Жамбыл және Түркістан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет
Жамбыл және Түркістан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін - Қазгидромет
1,220
оқылды
Қазгидромет мәліметінше, 16 ақпан мен 18 ақпан аралығында Жамбыл және Түркістан облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. 2023 жылдың 16 ақпаны мен 18 ақпаны аралығында Түркістан және Жамбыл облыстарында қар аралас жаңбыр жауады. Соған байланысты аталған аймақтардың таулы аудандарында беткейден еріген қар суы ағады және өзендерде су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр.