«Сонымен қатар оңтүстік мегаполисте басқада тұмауға жатпайтын ЖРВИ-ға шалдыққандар да бар. Атап айтқанда, РС вирусы, риновирус, парагрипп, бокавирус, метапневмовирус, аденовирус және маусымдық коронавирус. Қала бойынша эпидемияға дейінгі маусымда 2022 жылғы қыркүйектен бастап 1 желтоқсанға дейін тұмауға қарсы 224 706 адам егілген. Бұл – қаланың жалпы халқының 10,5 пайызы. Оның ішінде, жергілікті бюджет қаражатына 210 000 «тәуекел тобындағы» адам (100%), ақылы негізде жеке медициналық орталықтарда жұмыс берушілердің қаражатына барлығы 10 576 адам және өз қаражатына 4 130 адам егілді», – дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.Мамандар тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі – уақытылы вакцинация алу. Тұмау вирусы жыл сайын мутацияға ұшырайды. Сондықтан тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын эпидемияға дейінгі маусымда (қазан-қараша айлары) вакцинамен алу керек. Жеке гигиенаны сақтаған абзал.
Алматы