Атырауда сегіз жастағы баланы ит талап тастады
Атырауда сегіз жастағы баланы ит талап тастады
Фото: themoscowtimes.com. Lev Fedoseyev / TASS.
3,416
оқылды
Оқыс оқиға 15 ақпан күні кешке болған.  Ит талаған бала кешкі сағат 19.00 шамасында Атырау облыстық балалар ауруханасының  «Жарақат» бөлімшесіне жеткізілді.
«2015 жылы туған баланың бассүйегі мен аяғы жараланған. Бала травматикалық шок жағдайында болды. Ол бірден жансақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды», – делінген Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.
Қазір  аталған жағдайға байланысты тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр.