Илон Маск Twitter-ге бас директор етіп итті тағайындады
Илон Маск Twitter-ге бас директор етіп итті тағайындады
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын «тағайындады». Ол – Shiba Inu тұқымының иті, аты – Флоки (Floki). Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Фото oyen.my сайтынан алынды.
Илон Маск Флоки атты иті Twitter-дің жаңа бас директоры болып тағайындалғанын хабарлады. Масктің әлеуметтік желідегі жазбасын 115 миллион адам көрген. Aikyn.kz өзінің ерекше көзқарасымен дүрбелең тудыратын кәсіпкердің жазбасы туралы хабарлайды. [caption id="attachment_240840" align="aligncenter" width="939"]Рисунок2 «Twitter-дің жаңа бас директоры керемет. Алдында болған жігітке қарағанда әлдеқайда жақсы!», – дейді Маск. Фото Илон Масктің Twitter-дегі аккаунтынан алынды. Авторы: @elonmusk[/caption]
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter-дің жаңа бас директорын «тағайындады». Ол – Shiba Inu тұқымынан, аты – Флоки (Floki). Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Shiba Inu атауы жапон тілінен шыққан, ол тікелей аударғанда «шырпыдан жасалған ит» дегенді білдіреді. Бұл атау негізінен, осы тұқымның кішкентай мөлшеріне қатысты алынған. Shiba Inu тұқымы қасқырға ұқсас: бұралған құйрық, тік құлақ және «түлкі жағы». Олардың денесі ықшам, бітімі тығыз, оларды жаяу серуендеу немесе доп ойнау сияқты ашық ауадағы ойындарға серік етеді. Shiba Inu иттерінің көпшілігі үш түсті: қызыл, қара және қоңыр. [caption id="attachment_240841" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 Бас директор Floki-дің күшік кезі. Фото Илон Масктің Twitter-дегі аккаунтынан алынды. Авторы: @elonmusk[/caption]
«Twitter-дің жаңа бас директоры керемет. Алдында болған жігітке қарағанда әлдеқайда жақсы!» деген Маск бас директордың креслосында отырған итінің фотосын жариялады. Оның айтуынша, Флоки есепке жүйрік және өзіндік басқару стилі бар. Маск үй жануарының «осы жұмысқа мінсіз» екеніне сенім білдірді.
Бұған дейін миллиардер соңғы үш айдың өте қиын болғанын, әлеуметтік желіні банкроттықтан құтқаруды өзінің басқа компанияларындағы жұмыстармен ұштастырғанын айтты. Маск сонымен қатар Twitter-дегі DAU (бір тәуліктегі бірегей қолданушылар) көрсеткішіне риза екенін мәлімдеді. Кеше жарияланған Илонның әзіл жазбасын 115,1 миллион адам көрген, 1,1 миллион ұнайды деп белгі қойған.