Оралда көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен жасырын есірткі зертханасы табылды
Оралда көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен жасырын есірткі зертханасы табылды
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны көпқабатты үйдің шатырында жылыжай жасап, қарасора өсірген, – деп хабарлайды Рolisia.kz. «Жылыжайдың иесі көпқабатты үйдің 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Тінту кезінде қарасораға ұқсас өсімдік егілген 8 құмыра мен тыңайтқыш тәркіленді. Жасырын бөлменің қабырғалары фольгамен, пластик материалмен қапталған, жылу, жарық және вентиляция тартылған. Тұрғынның айтуынша, Telegram арқылы құрал-жабдықтарды, тұқымдар мен қарасораны өсіру бойынша видео-нұсқаулықты сатып алған. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген полиция хабарламасында.