Қазақстанда шетелдік нөмірлі 32 мың көлік заңдастырылды
Қазақстанда шетелдік нөмірлі 32 мың көлік заңдастырылды
Фото: yandex.kz
1,461
оқылды
Ішкі істер министрлігі бүгін, 17 ақпанға дейін шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру жалғасып жатқанын хабарлады.
«Шетелдік көліктерді заңдастыру үздіксіз жалғасып жатыр. Бүгінде 73 748 азаматтың көлігі тексеруден өтті. Оның ішінде, 32 002 көлік заңдастырылып, қазақстандық нөмір берілді», – деді ІІМ өкілі.
Бұған дейін шетелден әкелінген көліктерді заңдастыру тәртібі туралы жазған болатынбыз.