Қарағандыда пара алды деген күдікпен әкім орынбасары ұсталды
Қарағандыда пара алды деген күдікпен әкім орынбасары ұсталды
Фото: АР
823
оқылды
Қарағанды қаласында Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. «Вечерняя Караганда» басылымының хабарлауынша, пара сомасы 1 млн теңге көлемінде болған.
«Қарағандыда әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Ұсталған адам – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқарған шенеунік», – делінген хабарламада.
Аталған дерек Қарағанды ​​облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев өткізген брифингте мәлім болған. Оның айтуынша, пара сомасы 1 млн теңгені құраған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от "Вечерняя Караганда" (@vk_gazeta)