Атырауда қар құрсауында қалған ана мен бала құтқарылды
Атырауда қар құрсауында қалған ана мен бала құтқарылды
2,724
оқылды
Оқиға 16 ақпан күні түнде болған. Кеше сағат 22:45 шамасында Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінен қыстақтардың біріне бағыт алып, шамамен 30 шақырым қашықтықта "Mitsubishi Pajero" маркалы автокөлік қарға батып қалғаны туралы шақыру түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің Индер ауданындағы қызметкерлері дереу авариялық-құтқару жұмыстарына шықты. Қызметкерлер оқиға орнына жеткен кезде автокөлікте 4 адамның бары анықталды. Жолаушының біреуі 2021 жылғы сәби.
"Құтқарушылар көлік жолаушыларын Индербор кентіне аман-есен жеткізді" , – делінген Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова