Сыртқы саясат ішкі саясаттың құралы емес
Сыртқы саясат ішкі саясаттың құралы емес
974
оқылды
Жаһандағы геосаяси ахуалды ұдайы бақылап отырған адам бүгінгі әлемде тым қуатты санал­майтын мемлекеттер өз қауіп­сіздігін қамтамасыз етуде алды­мен дипломатияға сүйенетіні байқалады. Дүниедегі алпауыт мемлекеттерді қайдам, Қазақ­стан тәрізді елдер үшін бұл ма­ңызды ұстаным. Бірақ кейде мемлекеттің сыртқы саясаттағы ұстанымын дұрыс бағамдай бер­мейтін тәріздіміз. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы тілдесті. Екі жақты әңгімеде мемлекет басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылапты. Қазақстан Президенті Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақ­тығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен ше­шуге қатысты Қазақстанның ұста­нымын білдірсе керек. Ал В.Зеленский өзінің Telegram арнасында «Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жо­март Тоқаевпен телефон арқылы сөй­лестім. Біз халық­аралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Со­нымен қатар, мен Қазақ­станға Украи­наны гуманитарлық қол­дағаны үшін алғысымды айттым», – деп жазыпты. Бұдан басқа ресми ақпарат жоқ. Бірақ қазақ қоғамында осы оқиға­ның өзін сан-саққа жүгірте жөнелетіндер бар. Әлеуметтік желі­лерде Қазақстан басшысының әре­кетін сөгіп, Ресей бас­шысының тапсырмасын орын­даушы ре­тінде си­паттаған жазба­лардың да жа­рия­лан­ғанын байқадық. Өкініштісі де сол. Сырттай қарағанда бұл әрекетіміз Мемлекет басшысының ұстанымын елі­міздегі сайлауалды науқанның қарса­ңында жеке адамдардың өзіне назар аударту әрекетіне ұқсап кетеді екен. Бірақ Президенттің әрекетіне қатысты қисынды-қисынсыз жорамал айту ар­қылы өзге жұрттың медиасына «жем» тауып беріп отырғанымызды аңғарма­ғандаймыз. Ал іс жүзінде Қазақстан қазір «көршің соқыр болса, бір көзіңді қысып жүр» дейтін қазақы тәмсілмен өмір сүріп жатыр. Бұған геосаяси жағдай мәжбүр­лесе керек. Сөйте тұра, қандай да бір елдің ау­мақтық тұтастығының сақталуын қолдайтынымызды білдіру арқылы Қа­зақстан бірден айтқанға жүріп, айдағанға көне салмайтынын да бірнеше мәрте байқатқан. Ендеше неге еліміздің сыртқы саясатына қатысты ұстанымын мансұқ­тауға құмар екенбіз ә?! Біз мұның сырын түсінбедік. Негізі Украинадағы соғыс зарда­бының ауыр болатыны белгілі жайт. Те­ріскейдегі көршінің өзге мемле­кеттің аумағына шабуыл жа­сағаны, басқын­шылық ұйымдастыр­ғаны да айқын. Оны бәрі біледі. Украи­на­ның шығысында пайда бол­ған «квазимемлекеттік» құры­лым­дар­дың артында кімнің тұрғанын да жаһан жұрты біліп отыр. Қазақстан дипломаттары да хабардар. Тіпті былтыр маусымда бұл құрылымдар­дың тәуел­сіздігін Қазақстан мойында­майтынын Президенттің өзі айтқан. Одан бұрын Украинаға ресми түрде гуманитарлық көмек те жөнелткен. Мемлекет қара­пайым азаматтардың украин халқына қолдау көрсетуіне де шектеу қойып отырған жоқ. Мемлекет басшысы был­тырғы ақпаннан бері В.Зеленскиймен үш мәрте теле­фонмен сөйлесті. Украина президенті бір рет Қ.Тоқаевқа арнайы жеделхат жолдады. Екеуі тілдескен са­йын Қазақстан БҰҰ жарғылары мен ха­лықаралық құқықты жақтайтынын ай­тып келеді. Зеленский болса Қа­зақстан­ның гуманитарлық көмегі мен бастама­ларына алғыс білдіріп жүр. Әрине, біз әр тілдесуде не талқылан­ғанын толық білмейміз. Оны қоғамға ешкім ашық айтпайды. Айтуға болады-ау дегенін ғана там-тұмдап ұсынады. Мәселен, Рамш­тайн кезде­сулерінің толық нәтижелері де белгілі емес. Зеленскийдің Еуропаға са­парында Ұлыбритания, Франция қа­тарлы елдер не ұсынғанын санаулы адамдар ғана толық біледі. Өзгелер бол­жам жасайды. Ал Орталық Азия елдері басшы­ларының ішінде Украина президентіне бірде-бір хабарласып, хал-күй сұрас­пағандар да бар. Бірақ неге екенін қайдам өзімізді-өзіміз мансұқтауға әуестеніп алдық. Жалпы сын айтылған дұрыс. Оның өзінде сынаушы жанашыр болса жақсы. Тіпті, ел ішіндегі жағ­дайды, шешілмеген мәселелерді ай­тайық, депутат болудан үмітті тұл­ғаларды сөз етейік. Үкіметтің, Пар­ламенттің жұмысын сынайық, түрлі қауесеттерге де көндік. Бірақ мем­лекеттің халықаралық сахнадағы орны мен амал-айласына қатысты орынды-орынсыз қауесет таратудың қажеті жоқ-ау. Түрік саясаткерлері «dış politika iç politikaya alet edilmez» деген сөзді жиі пайдаланады. Мағынасына үңілсек, «сырт­қы саясат ішкі саясаттың құ­ралы емес» дегенді білдіреді. Яғни сыртқы саясатты ел ішіндегі талас-тартыс, саяси күресте қолданбау қа­жет дегенді меңзесе керек. Әрі тү­ріктің кез келген оппози­ция­лық сая­саткері Түркияның сыртқы сая­саттағы мүддесіне кел­генде, Прези­дентін жалғыз қалдыр­майды. Жиі бай­қаймын мұндайды. Ал бізде ше? Бай­қауымша, сыртқы саясат пен іш­тегі оқиғалар мидай араласып кеткен тәрізді. Мұндай дағдыдан ұтылмасақ, ұта қой­маспыз-ау.