Елімізде коронавирус пен ЖРВИ жұқтырғандар көбейген
Елімізде коронавирус пен ЖРВИ жұқтырғандар көбейген
542
оқылды
Денсаулық сақтау вице-министрі — бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус пен ЖРВИ-мен ауыратындар саны өскенін айтты. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың сөзінше, кейінгі екі аптада Қазақстанның барлық өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны өскені байқалады. "Кейінгі аптада коронавирус 15% өсті. Бұл ретте, барлық өңір "жасыл аймақта”  тұрса да, біз инфекцияның таралуын сипаттайтын R көрсеткіші 14 өңірде: Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау облыстарында, Абай, ШҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында біреуден артық екенін байқап отырмыз", — деді Айжан Есмағамбетова. Ол сонымен бірге коронавирус инфекциясымен бірге жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық маусымы жалғасып жатқанын айтты. Эпидемиологиялық маусымның басынан, 2022 жылғы 1 қазаннан бастап ЖРВИ-нің 3 млн 400-ден астам жағдайы және тұмаудың 3 мыңнан астам жағдайы тіркелді.
"Біз ЖРВИ мен тұмау бойынша жағдайды алдыңғы эпидемиологиялық маусымның ұқсас кезеңімен салыстырсақ, онда біз аурудың 30% өскенін көреміз", — деп атап өтті министрлік өкілі.