“Челси” клубының экс-ойыншысы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінділер астында өлі табылды
“Челси” клубының экс-ойыншысы Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінділер астында өлі табылды
1,017
оқылды
Түркиялық "Хатайспор" командасының мүшесі, ганалық футболшы Кристиан Атсу жер сілкінісінен кейін үйінділер астында өлі табылды. Бұл туралы жартылай қорғаушының агенті Мурат Узунмехмет айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
"Өкінішке қарай, Кристиан Атсу өлі табылды", - деді Узунмехмет Twitter-парақшасында.
31 жастағы Атсу былтырдан бері "Хатайспор" құрамында болған. Сонымен қатар, ол "Порту", "Риу Аве", "Челси", "Эвертон", "Борнмут", "Ньюкасл", "Витесс" және "Малагу" командасының құрамында ойнаған.