Шымкентте сайлауалды қоғамдық штабтың жұмысы басталды
Шымкентте сайлауалды қоғамдық штабтың жұмысы басталды
431
оқылды
Елімізде 19 наурыз күні өтетін ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат науқаны басталды. Осыған орай «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы бойынша сайлауалды қоғамдық штабы өз жұмысын бастады. Осыған орай өткен жиынға партияның қалалық филиалының жетекшілері, мүшелері мен кандидаттар қатысты. Басқосуда «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов штаб жұмысына тоқталды.  width= – Бүгін, 18 ақпан күні сағат 18.00-ден үгіт-насихат кезеңі басталды. «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы қоғамдық қабылдауға келген азаматтар және елді мекен тұрғындарының ұсыныстары мен талап-тілектерінің нәтижесінде жасалып отыр. Шымкент қаласында бірмандаттық жүйе бойынша мәслихат депутатына – 16 округ, Мәжіліс депутатына 2 округ бекітілді. Партиялық тізім бойынша 31 үміткер конференцияның шешімімен ұсынылып, аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өтті. Бүгіннен бастап 17 наурызға дейінгі аралықта үміткерлердің қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді және ұсыныстар мен талап-тілектерді жинақтау бойынша арнайы кесте бекітілді. Үгіт-насихат кезеңінде онлайн және офлайн форматта барынша көп сайлаушыны қамтитын желілік және үміткерлердің жеке кестесі бойынша 2 мыңға жуық шара жоспарлануда. 330 сайлау учаскесіне партия тарапынан – 950 және үміткерлердің жеке 48 сенімді өкілі мен байқаушыларының тізімі бекітілді. Қалалық партия филиалының өкілдері тарапынан барлығы семинар-оқудан өтетін болады. Үгіт-насихат жұмысына жалпы 500 белсенді жас жұмылдырылып, аумақтар бойынша бөлініп, бекітілді. Құрметті штаб мүшелері! «АMANAT» партиясы саяси науқанға дайын. Штаб жұмысы қарқынды жүреді. Тек жеңісті күнге бірге жете берейік! – деді Бахадыр Мәдәліұлы.  width= «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы бойынша сайлауалды қоғамдық штабының құрамына партия ардагерлері, білім, кәсіпкерлік, денсаулық, мәдениет салаларынан, үкіметтік емес ұйымдар, бастауыш партия ұйымдарының және “Жастар рухының” мүшелері – партияның белсенді 125 мүшесі еніп отыр.  

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді