Петропавлда жатақханадан өрт шықты
Петропавлда жатақханадан өрт шықты
522
оқылды
Петропавл қаласындағы жатақханалардың бірінен өрт шығып, құтқарушылар 107 адамды эвакуациялады. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт бес қабатты үйдің екінші қабатында тұтанған. Қызыл жалын 20 шаршы метрді алаңды шарпыды.
«Өрт туралы қоңырау сағат 12:37-де түсті. Оқиға орнына жеке құрамнан 41 адам мен 13 техника жіберілді. 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і бала. Сағат 13:21-де өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», – деп мәлім етті құзырлы органның баспасөз қызметінен.
Жатақхана ғимаратының бірінші қабатында барбершоп, мейрамхана және банк филиалы орналасқан.