Аманаттықтар үгіт-насихат жұмыстарының алғашқы күнін «Есіктен есікке дейін» акциясымен бастады.
Бұл шара – партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар үй-үйді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Үміткерлер Көкшетау қаласының, аудан орталықтары мен ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, «AMANAT» үшін дауыс беруге шақырды. Акция барысында кандидаттар жастар, аға буын өкілдері, кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездесіп өтініш-тілектерін тыңдады. Биылғы сайлауға алғаш рет қатысатын жастар да кездесті. Мәселен, бүгін Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Умар Шоназаров акция барысында 15-тен астам тұрғын үйді аралап, «АМАNАТ» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Тұрғындардың жастарды және халықтың басқа да санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қосымша жаңа үйлер салу, мәдениет және спорт нысандарын жөндеу, жылумен жабдықтау желілерін салу және қайта жаңарту туралы өтініштерін жазып алып, алдағы жұмыстарына қабылдайтындығын жеткізді. Маңызды мәселелердің барлығы сайлауалды бағдарламасына енгендігін де түсіндірді. Сондай-ақ кездесулер барысында тұрғындарды қызықтырған басқа да сұрақтарға жауап берді. «Жастар рухы» Жастар қанатының белсенділері кешкі 18.00-ден соң үгіт-насихат материалдарын ілу жұмыстарын бастап кетті. "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді