ҚТЖ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды
ҚТЖ басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: exk.kz
699
оқылды
«Қазақстан темір жолы» АҚ орталық аппаратының басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс кәсіпкерлікке кедергі келтіру дерегі бойынша қозғалған.
«Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен Бас көлік прокуратурасы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактісі бойынша «ҚТЖ» АҚ басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады. Арызға сәйкес, келтірілген алдын ала залал 1,5 млрд теңгеден астам сома ретінде көрсетілді», – делінген ведомство хабарламасында.
Тергеу процесі прокурорлар тобының басшылығымен жүргізіліп жатыр.
«Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», – делінген хабарламада.