Шымкентте қарулы адам мен полицейлер атысты
Шымкентте қарулы адам мен полицейлер атысты
© AP Photo / Fernando Vergara
256
оқылды
Шымкентте қарулы ер адам атыс шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Редакцияға Шымкент көшелерінде қаруланған ер адамның өтіп бара жатқаны және одан басқа адамдар қашып жатқаны түсірілген видео жіберілді. Видеода атыс пен айғай естіледі. Тағы бір видеода ер адам мен қауіпсіздік қызметкерлері арасында атыс болғаны көрсетілген. Кейін ер адам полиция көлігін көріп, оған шабуыл жасаған. Соңында тәртіп сақшылары қарулы адамды ұстайды. Шымкент полициясының баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылған. Бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері барды. Олар мен белгісіз қарулы адамның арасында атыс басталды. Нәтижесінде күзетшілердің бірі жараланған. Оқиға орнынан қашып кетуге тырысқанда қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілі ұстады. Қазіргі уақытта жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.