Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды
718
оқылды
20 ақпанда №11 сайлау округі бойынша «АМАNАТ» партиясынан Шахтинск қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тоханов Мақсат Жұмабайұлы өзінің  сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында «Құрылысмет» ЖШС-нің №2 еңбек ұжымымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстыра келе, ол депутаттық мерзімге оның басымдықтары Новодолинка және Долинки кентінің тұрғындарына арналғанын айтты. Оның ойынша, Шахтинск қаласына іргелес жатқан бұл кенттер,  абаттандыру мен экономикалық тұрақтылықты, азық-түлік қауіпсіздігін, жастар мен кәсіпкерлікті қолдауды, өмір сүру жағдайын жақсартуды, барлығына, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау, жастардың да, халықтың да бос уақытын өнімді өткізу үшін бұқаралық спортты дамытуға деген  сұраныстарға ие.  width= Тапсырыс беруші: Б.К Алтынбеков Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы. Сайлау қорының қаражатынан төленді,