Бұдан соң бекітілген кестеге сәйкес, аудандық филиалдың мәжіліс залында үміткерлер мен оның сенімді өкілдері ауданның зиялы қауымы, еңбек ардагерлері, жеке кәсіпкерлер және қоғамдық штаб мүшелерімен кездесті. Онда кандидаттардың сенім білдірген өкілдері еңбек жолдарымен таныстырды. Өз кезегінде қос кандидат кездесу қатысушыларын өзінің сайлауалды бағдарламаларымен кеңінен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Аталған кездесуде ардагерлер ағалық ақ батасын берсе, ақ жаулықты аналар алғысын білдірді. Мағыналы өткен жүздесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков, ардақты ана Назым Қуанышбаева, еңбек ардагерлері Серік Балабеков, Серік Кембаев, кәсіпкерлер Мәкен Тұрмағанбетова, Сәния Алтаева өз ойларын ортаға салып, кандидатқа қолдауларын жеткізді. Сонымен қатар, пікір алмасу барысында ауыл шаруашылығы, жайылым тапшылығы, ағын су мәселесі, денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты ұсыныстарын айтылды.
Түс ауа кандидаттар аудандық емхана қызметкерлерімен кездесуде болды. Онда жуырда ғана пайдалануға берілген емхананың жұмыс барысы туралы аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Мырзағали Мәдімаров таныстырылым жасады. Қызметкерлермен кездесуде кандидаттар сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды, Бұдан соң кездесу пікір алмасуға ұласты. Кездесуде қатысушылар көтерген негізгі мәселе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төңірегінде өрбіді.
Байзақ ауданында кездесудің соңы «Есіктен-есікке» акциясы бойынша Сарыкемер ауылының екі отбасында болуымен қорытындыланды.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының
сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT"
партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді