Түркияда кеше болған жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақаттанды
Түркияда кеше болған жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, 300-ге жуық адам жарақаттанды
Фото: aa.com.tr
842
оқылды
Түркияның ішкі  істер министрі Сүлейман Солудың хабарлауынша, Хатайда жер сілкінісінен 3 адам қаза тауып, 213 адам зардап шеккен. Бұл туралы Түркияның Anadolu агенттігі мәлімдеді. Түркияның вице-президенті Фуат Октай Дефне ауданында болған 6,4 балдық жер сілкінісінен соң 20 тербеліс тіркелгенін айтты. AFAD агенттігінің хабарлауынша, Хатай провинциясында бүгін болған зілзаладан соң хабарланған теңіз деңгейінің көтерілуі туралы ескертудің күші жойылды. Бұған дейін Хатай провинциясының Дефне ауданында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі тіркелгені хабарланған болатын. Артынша 5,8 магнитудалық тағы бір жер сілкінісі болды. Салдарынан Түркияның оңтүстік-шығысында үйлер қирады. Жерасты дүмпуі Сирия, Ливан, Кипр, Израиль, Иордания, Ирак пен Палестинада сезілді.