«AMANAT» кандидаты тұрақтылыққа дауыс беруге шақырды
«AMANAT» кандидаты тұрақтылыққа дауыс беруге шақырды
603
оқылды
«AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихатқа кандидат Ренат Оразбаев «Водоканал» КММ қызметкерлерімен кездесті. Кандидат партия азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен, тұрғын үймен, әлеуметтік игіліктермен және қызметтермен қамтамасыз ету ниетті екенін айтты. Мәселен, «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Шығыс Қазақстанда жыл сайын 15 мың жаңа тұрақты жұмыс орнын құрмақ. Облыс аумағында алдағы төрт жыл ішінде экономиканың нақты секторына 892 млрд  теңге бөле отырып, 35 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі.  width= – 2027 жылдың соңына қарай жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 20%-ға, ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 5%-ға ұлғайтуды бақылауға аламыз. Қабылданған шаралар орташа жалақыны 50%-ға арттыруға, кемінде 75 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Облыс экономикасындағы шағын және орта бизнес үлесін 20%-дан 23%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан 19 наурызда азаматтық ұстанымдарыңызды айқындап, жайлы тұрмыс пен тұрақты табыс үшін «AMANAT»-қа дауыс беріңіздер! – деп түйіндеді Ренат Оразбаев. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.