№5 емхана қызметкерлерімен кездесуде кандидаттар мен сенім білдірген адамдар көптен шешімін таппай келе жатқан жүйелі сұрақтармен танысты. Медұжымның сөзіне сүйенсек, емханаға Мақатаев көшесінен жалғыз №20 автобус қатынайды. Оның үстіне, емхана маңында жеке паркинг жоқ, ал жақын маңдағы автотұрақ ТК тиесілі және бұл жайт науқастар үшін жайсыздық тудырады. Сонымен қатар емхана қызметкерлері тұрақты мекенжай бойынша тіркеуге тұру қиындығы мен жұмысқа жақын жерде балабақшаның болмауы жөнінде айтып берді.
«Біз тұрғындардың ұсыныстарын мұқият тыңдап шықтық. Сұрақтардың көбі заңнамалық деңгейде өзгертуді талап етеді. Алдағы уақытта алқалы түрде оны шешу тетіктерін іздейтін боламыз», – деді Ә.Ақанова.
«Медицина қызметкері ретінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті проблемаларды жақсы білемін. Бүгінде мемлекеттік емханалардың 60%-да кезек көп, ол шамадан 1,7 есе жүктелген. Айта кету керек, «AMANAT» партиясының бағдарламасында отандық медицинаға аса көңіл бөлінген. Осылайша, 16 қалалық емхананың құрылысы жоспарлануда, онда 10.8 мың медқызметкер біліктілігін арттыра алады. Сонымен қатар 14 мемлекеттік балабақша құрылысы жоспарланып, желілік жеке балабақшалар үлесі 10%-ға артады. Салалық мәселелердің жүйелі шешімін табу үшін сайлаушыларды «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамын. Біз бірге – күшпіз!», – деп депутаттыққа кандидат, м.ғ.д., профессор Ғалымжан Тоғызбаев алдағы сайлауда белсенді дауыс беруге шақырды.
Үгіт-насихат кездесулері барысында азаматтар «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты. Сайлаушылардың жеткізген барлық талап-тілектері мен ұсыныстары партияның алдағы жұмыстарында зерделенетін болады.
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.