Ашық форматтағы диалог алаңында облыстық сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін барлық қаржыландыру көздерінен 3,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салуға ықпал ету жоспарда екені айтылды.
Партияластар баспана мәселесімен қатар, өзге де маңызды тақырыптарға қатысты пікірлерін білдірді. Мәселен, кандидат Азамат Асылбекоа зейнет жасын қозғады. «Зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстар жиі көтеріледі. Партиялық бағдарламада ауыр өнеркәсіпте жұмыс жасайтындардың зейнет жасын қайта қарау туралы бастама бар. Орташа жалақыны, әлеуметтік төлемдерді есептеген кезде, ең төменгі жалақы көрсеткішіне сүйенеді. Ал, ол сома өмірден мүлдем алшақ. Сондықтан, орташа жалақы көлемі арқылы есептеу туралы айтылуда. Егер, осы көрсеткішпен есептелсе, қазіргі әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар 1,7 есеге артуы мүмкін» деген ол партиялық бағдарламаның 10 міндетіне негіз болған қоғамның 10 сұранысы туралы да айтып өтті.
Бұған қоса, «Жайлы мектеп» бағдарламасының тиімді тұстары сараланды. Ал, үміткер Еркебұлан Бадел «Ауыл аманаты» партиялық жобасының ауыл тұрғындары үшін тиімді тұстары көп екенін атап, партия жанынан ашылған - «AMANAT SERVICE» қызмет көрсету орталығының да атыраулықтар үшін көп көмек болғанын жеткізді.
Жиынға кандидаттар Азамат Асылбеков, Арман Қасымов, Еркебұлан Бадел қатысты.
Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді