Клиникалардағы қитұрқылық
Клиникалардағы қитұрқылық
357
оқылды
Медициналық сақтандыру қоры былтыр 11 айда емдеу мекемелерінің 100 мыңнан астам қызметті көрсетуде түрлі кемшіліктерге жол бергенін анықтады. Нәтижесінде, Алматы қаласындағы емдеу мекемелеріне 1 млрд теңге айыппұл салынды. Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының ди­рек­торы Тілеухан Әбілдаевтың ай­туын­ша, клиникалардың әр­қай­сы­сына орта есеппен 3 млн теңге айып­­­­­пұл салынған. Мониторинг барысында анық­талған кемшіліктердің дені емдеу-диагностика барысында белгілен­ген стандарттардан ауытқу, меди­циналық құжаттарды дұрыс тол­тырмау, қызмет бағасын негізсіз өсіру сынды олқылықтарға келіп саяды. Кемшіліктің басым бөлігіне бастапқы медициналық-санитар­лық көмек ұйымдары жол берген.
«Емханалар көрсеткен қызмет­тен 93 мың кемшілік анықталып, 117 млн теңге қайтарып алынды. Со­нымен қатар ақаумен көрсетіл­ген 8 мыңға жуық қызмет – ста­ционар­лар мен стационарды ал­мас­тыратын көмек ұйымдарына тие­сілі. Олар аталған кемшіліктер үшін 800 млн теңге айыппұл төле­ді», – деді спикер. Сондай-ақ «көр­се­тілді» деп жазылған белгілі бір қызмет түр­лерінің шын мәнінде көр­­сетіл­генін растай алмаған кли­никалар да бар. Осындай 300-ден астам жағдай үшін 3 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Ж. АСҚАРБЕК