Ерлі-зайыптылар 20 жыл бойы қажылыққа жинаған ақшасын жер сілкінісінен зардап шеккендерге берді
Ерлі-зайыптылар 20 жыл бойы қажылыққа жинаған ақшасын жер сілкінісінен зардап шеккендерге берді
© egemen.kz
1,954
оқылды
Түркияның Чорум қаласында тұратын ерлі-зайыптылар Умраға барамыз деп 20 жыл бойы жинаған ақшасын жер сілкінісінен зардап шеккендерге берді, – деп хабарлайды inbusiness.kz. Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары әлемнің түкпір-түкпірінде әлі де жалғасып жатыр. Осы жолы Тахсин мен Гүлайша Данажылар көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Чорумның Алажа ауданында тұратын олар қарапайым тіршілік кешіп жүрген жандар. Жолдасы шаруашылықпен айналысса, Гүлайша ханым үй шаруасындағы әйел. Екеуінің арманы – Умраға бару. Армандарын орындау үшін 20 жыл бойы тірнектеп ақша жинаған. Алайда бір сәті түспеген. Енді халық басына түскен қиын кезеңде осы қаражатты зілзаладан зардап шеккендерге аударуға шешім қабылдаған. Сөйтіп, ақшаны Түрік Қызыл Ай қорының Алажа бөлімінің басшысы Фатих Арсланға табыстады. «Еліміз бен халқымызға сабыр берсін. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, тірі қалғандарға сабыр, ал жаралыларға шипа тілеймін. Қиын күндерде біз де халыққа көмек көрсетуді жөн көрдік.  Жиған ақшамызды көмек ретінде береміз деп шештік», – деді ерлі-зайыптылар.