«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті
«AMANAT»-тың сайлауалды штабы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесті
336
оқылды
«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабы мүшелерінің өңірлердегі сайлаушылармен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін партиялықтар Шығыс Қазақстан облысына келді. Зайсан қаласында штаб мүшелері аудандық көпсалалы аурухана ұжымымен кездесіп, партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасындағы денсаулық сақтау саласын дамыту шараларын талқылады. Осы күні аманаттықтар Зайсан және Тарбағатай аудандарының жұртшылығымен кездесті. Жүздесуде шекаралас елді мекендердегі көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударылды.  width=
«Біз тек облыс орталықтарындағы ғана емес, шалғайдағы елді мекендерде тұратын сайлаушылармен де кездесіп жатырмыз. Еліміздегі шекара маңындағы аудандарда медициналық қызметтердің қолжетімділігі, жолдардың сапасы, интернеттің болуы сияқты  т.б. өзекті мәселелер бар», – деп атап өтті «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов.
 width= Жалпы, штаб мүшелері Шығыс Қазақстан облысындағы  ардагерлермен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастармен жүздесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен талқылады.