Талғардағы мектептердің бірінде шу шықты
Талғардағы мектептердің бірінде шу шықты
1,014
оқылды
Талғарда жақында пайдалануға берілген мектепте болған жанжал камераға түсіп қалды. Видео Instagram-дағы kris_p_talgar парақшасында жарияланды.
Видеода мектеп қызметкерінің келушіге "мұнда кіруге құқығы жоқ" деп айғайлағаны көрінеді. Әйел "білімді бақылаймын" деп жауап беріп, қандай да бір жеке куәлік көрсетеді. Оқиға жаттығу залында өтеді.
"Бір себептермен "ескі Талғардың" өкілі Марина Павлова жаңа мектепке, яғни 25-ке келіп, Қоғамдық кеңестің мүшесі екенін айтады. Қоғамдық кеңестің заңсыз құрамын тез арада таратуды талап етеміз. Оларды кім және қалай таңдағаны белгісіз", – делінген жазбада.
БАҚ мәліметінше, Марина Павлова – Талғардың тұрғыны, жергілікті белсенді. Ол Талғардың экс-әкімі Қайдар Әбдіхановтың қызметін қолдағандардың бірі болған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)