Қорқытып, ұрып-соғып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын тартып алған
Қорқытып, ұрып-соғып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын тартып алған
2,124
оқылды
Түркістан облысының тұрғынын ұрып-соғып, қарумен қорқытып, 3 миллион теңге тұратын жылқысын көліктеріне тиеп әкеткен,  – деп хабарлайды polisia.kz.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш тұрғын ұсталды. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушысы. Айғақты зат ретінде алынған мал заңды иесіне қайтарылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 3-бөлігі "Өзінше билік ету" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.