Түркістандағы Ясауи кесенесіне көлікпен барған
Түркістандағы Ясауи кесенесіне көлікпен барған
6,062
оқылды
Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің бейнежазбасын анықтады. Ол көлік жүруге болмайтын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдындағы аллеяда Hyundai Sonata автокөлігімен жүріп өтіп, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірген, – деп хабарлайды otyrar.kz.Түркістан Полиция басқармасының қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізіп, көлікті айдаған жас жігітті анықтады. Ол Сауран ауданының тұрғыны болып шықты.
"Жүргізуші кесене маңындағы тамақтану орнынан шығып, жол қысқарту ниетімен заңды бұзған. Ол өзінің кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта қайталамайтынын айтқан".